Ағаштан
эксклюзивті бұйымдар
жасау

БІЗДІҢ ӨНІМДЕРІМІЗ

Астау

"Астау" – бесбармаққа арналған қазақтың дәстүрлі ағаш табағы. Ол ерекше технологиямен тұтас кесек ағаштан дайындалады, ұлттық ою-өрнекпен безендіріледі. Астауда ет ұзақ суымай тұрады және дәмді болады ал ыдыс-аяқтын ағаштан жасалғаны ерекше колорит қосады және әдемі түрімен мерекелік үстелді безендіреді.

Біздің дүкендерімізде сіздер астаудың әр түрлі нысандар мен мөлшерде, түрлі дизайнде және әр түрлі бағада таба аласыз. Бізде өте бай ассортимент, тұтқасы бар классикалық астаудан бастап, түрлі ою оялған, эксклюзивті нұсқасы бейнеленген, стильді жануарлардың әшекейленген күрделі элементтері бар астаулар бар.

Ыдыс-аяқ және тәрелке

Сіз бізден өлшемдері шағын порциялық тарелкеден бастап сыйымды тағамдарды беруге арналған түрлі көкөніс кесуге, бауырсақ, құрт немесе шығыс тәттілерін салатын табакшалар таба аласыз. Бізде дербес әр қонақ үшін тәрелкелер, немесе балаларға арналған ерекше тәрелкелер көре аласыз.

Ағаш ыдыс-аяқпен пайдалану деген денсаулыққа аса қамқорлықпен қарау. Біздің ағаш ыдыспен әзірлеп безендірілген үстел жалпы үйдің сәнін, стилін және көркін ашады.

Біз сондай-ақ, сіздің рестораңызға стейк, фирмалық тағамдарға арналған жеке үлгідегі ыдыс-аяқ жасауға дайынбыз.

Қымыз жиынтығы

Қонақтарды сыйлап дәстүрлі ыдыс-аяқпен қымыз беруге арналған – тегеш пен ожау және кесе. Бізде сіз стандартты мөлшер 2-ден 6 литр дейін тегештер, сондай-ақ ерекше бір бай бұрандасымен әшекейленген 15-25 литр тегештер таба аласыз. "Блэк"шеберлері тегештің ежелгі дайындау технологиясын сақтап қалған. Әдемі ағаш тостаған сыртынан және ағаш қақпағы қазақтың ұлттық ою-өрнегімен әшекейленген. Біз тегештің ішіне алынбалы металл тостаған салып жасаймыз, ол ыстық және суық сусындарды көп мерзімге дейін сақтауға болатынына кепілдік береді.

Ас үйге арналған аспаптар

Бесбармақты ыңғайлы ұсыну үшін біз сізге арнайы коллекция ағаш аспаптарын әзірледік.

Мәселен,тегештен кесеге қымыз құю үшін (айран, шұбат, сорпа) ожау керек. Ол тұтас кесек ағаштан жасалып өрнектермен безендіріледі, кейде қос немесе бір болып келеді).

Бесбармақты тәрелкеге салу үшін ең ыңғайлысы қысқыштар мен шанышқы. Негізінен – қысқыш, шанышқы мен ожау жиынтығын бірге алады.

Қазақша үстелдер

Қазақ халқы өзінің соншалықты ашық, қонақжай және ұлттық салт-дәстүрге зор мән беретін халық екеніне күмән жоқ. Оған дәлел ретінде қонаққа жайылатын-дастархан. Қазақтардың ежелден келе жатқан әдет-ғұрпы қонақты дастархан басындағы құрметті орынға отырғызып тамақтандыру. Адамға қиын жағдайда комектеспесен,жақсылық жасамасан, үйге қонуға кіргізбесен, тамақтандырмай жіберсен уят боп саналатын.

Сандықтар және кебеже

Қазақ халқының отбасылық өмірінде міндетті атрибуттардың бірі- сандық болып табылады. Оған көрпе – көрпешелер, төсек-орын жабдықтары және басқа да заттар мен әшекейлер жиналады.
Бұрынғы заманнан бері, сандықтар ағаштан дайындалады және ұлттық ою-өрнектерімен әшекейленеді.

"Блэк" ЖШС шеберлері зерделеп дәстүрлі көркем әдістері негізге ала отырып, эксклюзивті қазақтың ою-өрнегімен безендірлген ағаш сандықтар дайындайды. Мұндай бұйым отбасылық шаңырақтың тамаша көркі болады.

Бесік атауы «Бесік»

«Бесік» – нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек. Көп жағдайда оны немересіне арнап нағашы апасы сыйлайды. Бесік ұқыпты сақталады және ұрпақтан ұрпаққа беріледі.

Кейде әкесі ұйықтаған бесікке баласы бөленеді. Баланың алғаш рет бесікке жатқызуын "бесікке салу" дейді.

Мұндай жауапты миссияны, әдетте, арнайы шақырылған дана, көп балалы және құрметті әжесіне тапсырады.

Домбраға арналған құт

Домбыраға арналған футляр – біздің компанияның ерекше авторлық идеясы. Бұл қолмен жасалған сыйлық шығарылым, музыкалық аспапты сақтау және тасымалдау үшін жасалған.

Футляр корпусы арнайы технологиямен орындалады. Оның нәтижесінде футляр ыңғайлы және жеңіл болады. Іші ашық қызыл барқытпен тігілген, ол жұмсақ болғандықтан домбыраны жақсы сақтайды. Кішкентай екі жағынан сенімді құлыппен жабылады, ал ыңғайлы тұтқасы көмегімен сіз оны оңай ұстай аласыз.

Қабырғалық панно

Қабырғаға ілінетін панно – бұл тарихи деректерді, еліміздің рәміздерін, туған Жер, Қазақстанның стильденген ою, күн, қыран және кең байтақ дала мен Бурабай тауларын сурет арқылы жеткізетін бұйым. Әрбір панноның өзінің шығармашылық ойы мен сипаттауы бар. Аса танымал көлемді рельефті-суреттер алтын адам, хандар, батырлар, табиғи немесе жануарлар тақырыбында суреттер панно бетінен көре аласыздар.

Қолдан жасалған ағаш панно кез келген интерьердің сәнін келтіреді. Бұл өте тамаша сыйлық боп табылады.

Арнайы тапсырыс

Егер сізде ерекше тілектер немесе сіз біреуге ерекше сыйлық жасаймын десеңіз бізге хабарласыңыз. Ағаш материалынан шексіз көптеген қызықты бұйымдар жасауға болады. Қандайда идеяңыз болса біз соны әзірлеп дайындауға асығамыз.

Біздің коллекцияда жұмыс істейтін биіктігі 1,5 метр ағаш құлып бар, мешіт үшін минбар , әр түрлі тіреулер және ерекше интерьер элементтері, сыйлық бұйымдар, тіпті президент үшін тақ бар. Сіз бізден бизнес үшін немесе отбасы үшін брендтік өнімдерге тапсырыс бере аласыз. Идеяларыңызды жүзеге асырамыз!

БІЗДІҢ ӨНДІРІМІЗ

Табиғи ағаштың тұқымдарынан өндірілген

Кәсіби Ағаш өңдеу

Дайын өнім

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

Қазақстанда табиғи ағаштан ұлттық қазақша ыдыстар дайындалады

1989 жылдан бастап кәсіпорын интерьер заттарын және ұлттық стильде дәстүрлі қазақ құрал – жабдықтарын, қазақтың жиналмалы үстелдерін, ыдыс-аяқ пен заттарды сақтауға арналған ұлттық шкафтар мен тумбаларды-асадал, кебеже, түрлі өлшемдегі сандықтарды шығаруға маманданған.

Жиһаздың негізгі мақсаты-киіз үйлер мен түрлі үй-жайларды дәстүрлі қазақ стилінде безендіру.

Сондай - ақ, басты бағыт - ұлттық ыдыс дайындау – астау-бешбармақ беруге арналған тағам, түрлі тостағандар мен тарелкалар, қымыз жиынтықтары, ет және әр түрлі өнімдер мен тағамдарды беруге арналған құралдар.

Барлық өнімдер кәсіпорынның өз орындауда эксклюзивті және де авторлық әзірлемелері болып табылады.

КОМПАНИЯНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Қазақстандағы ұлттық тұрмыстық заттарды алғаш рет қайта жандандырып, кеңінен насихаттады
Өз өніміне кепілдік және өмір бойы қызмет көрсетеді
Кез келген күрделіктегі және кез келген көлемдегі бұйымдарды дайындау
100-ден астам түрі Бұйымдардың Тұрақты ассортиментте
Қазақстанда ағаштан жасалған ұлттық бұйымдарды сату бойынша алғашқы интернет-дүкен құрылды
100% табиғи қазақстандық ағаш
100% авторлық дизайн және дайындау технологиясы
300-ден астам авторлық құқық бұйымдар және патенттелген технологиялар
30 жыл кәсіби ағашпен айналысатын кәсіпорын
100% экологиялық өнім

БІЗДІҢ РИЗА КЛИЕНТТЕРІМІЗ