«Блэк» фабрикасының ашылуы
10 қазан 2019 жылы “Блэк” фабрикасының ресми ашылуы өтті. Бұл Қазақстандағы өнеркәсіптік ауқымда астау тегеші кесе, сандықтар, казақша үстелдер, қазақтың тұрмыстық заттарын шығаратын алғашқы фабрикасы.
Фабриканың алаңы 3500 ш. м. құрайды. саны 100-ден асатын қызметкерлері мен өндірістік қуаты айына 3500 бұйым жасайды. Фабриканы жөндеуге және қайта жаңартуға бүкіл біздің команданың үш жылғы еңбегі кетті #blackteam
Фабриканың ашылуы облыстық және қалалық әкімдерімен, сондай-ақ Көкшетау қаласының ұйымдарын қолдауға және бизнесін дамытумен айналысатын басқармаларының басшыларымен өтті. Өңделмеген ағашты сұрыптаудан бастап дайын қоймаға «Блэк» өнімдерін апарғанға дейін, барлық дайындау өңдіру жолы делегацияға экскурсия ретінде көрсетілді. Ақмола облысының әкімі Маржықпаев Ермек Боранбайұлы барлық қызметкерлерін 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, компанияның одан әрі өсуі мен өркендеуін тіледі.